Как оплатить заказ электронных билетов / Автовокзал Уральск
Орал автовокзалы
электронды

Электронды билеттер тапсырысын төлеу тәсілдері



Ең тиімді және ыңғайлы төлем тәсілі. Комиссиясыз. Бонусдар есептеледі. Қазақстанның кез келген банк карталарымен төлеуге болады. Төлемдердің қауіпсіздігін EPAY төлем жүйесі қамтамасыз етеді. Билеттерді қайтарған жағдайда қаражат 3 жұмыс күні ішінде картаңызға қайтарылады.

Төлем жасамас бұрын картаңыздың интернет арқылы төлеуге арналған лимитін тексеріңіз:

  • Kaspi қосымшасында: Менің банкім → Kaspi Gold → Интернеттегі төлем (қолжетімділік және лимиттер)
  • Halyk қосымшасында: Шоттар → (картаны таңдаңыз) → Лимиттер → Лимиттерді орнату

Төлем жасау үшін сайттың «Билеттер» → «Квитанция» бөлімінен тапсырысты ашып, «Төлеу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Ресей банктерінің карталарымен төлем жасау Қазақстанда, өкінішке қарай, жұмыс істемейді. Басқа картаны қолданып көріңіз немесе билеттерді автовокзал кассасынан қолма-қол сатып алыңыз.

Электронды билеттерге төлем жүргізгеннен кейін сіздің тапсырысыңыздың мәртебесі ТӨЛЕНГЕН күйіне ауысқанына көз жеткізіңіз. Ол үшін Билеттер – Тапсырыс күйі сайты арқылы мәзірге кіріңіз, өз тапсырыс нөміріңізді енгізіп, өз интернет-броныңыздың түбіртегін алыңыз. Түбіртекте ТӨЛЕНГЕН белгісі болуы тиіс.